Bugin

Су тасқыны: еліміздегі дәл қазіргі ахуал қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқынына байланысты дәл қазіргі жағдайды мәлімдеді. бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 111 бала бар.
Ведомство хабарламасында:

"Азаматтық қорғау қызметтері 117 142 адамды, оның ішінде 40 833 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 17 547 адам үйлеріне оралды", - делінген.

9,8 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді. 3 873 тұрғын үй мен 2502 аула аумағынан су бұрылды.