Bugin

"Мазақ етіп, кек алады": сотта Нүкенованың құрбысына жазған хаттары оқылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: жоғарғы соттан скрин

Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина куәлік беріп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Бүгін Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов Нүкенова мен құрбысының жазысқан хаттарын дәлелдемеден алып тастауды сұраған еді. Сот бұл өтінішті қабылдамады.

Куәгер хаттарды арнайы сақтайтын қосымша арқылы сақтай алғанын айтты. Салтанат құрбысына: 

“Мен енді не істерімді білмеймін. Егер мен қазір кетсем, “айуан (тварь-авт.) мен ол үшін бәрін істедім, ол рахметсіз мені таптап кетті” деп айтады. Кейде кәдімгі адам болып көрінеді. Мен білмеймін, өзім жаңылысып кеттім. Онымен өмір сүре алмаймын. Мен жалғыз болғым келеді.

Ол түзелмейді. Ондай адамдар ешқашан түзелмейді. Ондай адамдар психологқа өздерінің қандай керемет екенін, басқа адамдардың барлығы ақымақ екенін айту үшін барады. Көңіл бөлу мен қолдау тапқысы келеді. Менің екінші рет кеткенім – бәрі біткені. Ол мен кешіргенше бәрін жасап, кейін мазақ етіп, кек алады.

Ол психотерапиядан өтті. Біз Алматыға барып келдік. Ол 2 ай үшін психологқа 10 мың доллар төледі. Психолог Тайландтан ұшып келді. Мәскеулік. Түк пайда жоқ. Олар өзгермейді. Менің кеткім келген, ол қайтадан менің қалуым үшін бәрін жасай бастады. Ол маған ұйқы бермейді. Өзі ұйықтамайды. Түнде мен мүлде ұйықтамаймын",-деп жазған.