Bugin

28 жастағы әйел су ішіп көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: budtezdorovy.net

Ұлыбританиялық әйел суды көп ішкеннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы mk.ru-ға сілтеме жасап.

28 жастағы әйел адам суды көп ішкеннен соң клиникада қайтыс болды.

Өзі медицина қызметкері болған қызға бірнеше жыл бұрын шизофрения диагнозы қойылып, ауруханаларда ем алған. Тергеу нәтижесінде соңғы емханада оған клозапин препараты тағайындалғаны анықталды.

Басында науқас тағайындалған препараттың өте ауыр екенін біліп, қарсылық білдірген. Алайда дәрігерлер оған емді бекіткен. Ол көз жұмар алдында анасына бірнеше рет қоңырау шалып, жүрек айнуына шағымданған.

Кейін емхана қызметкерлері марқұмның анасына телефон соғып, оның көп мөлшерде су ішіп, есінен танғанын, артынша жүрегі ұстап қалғанын айтқан. 45 минуттық реанимациядан кейін 28 жастағы әйел қайтыс болды.

Отбасы қазір емхананы сотқа беріп жатыр.

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram-нан арнамыздан оқи аласыз.