Bugin

Су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспаналы болып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа баспаналы болып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Арқалық қаласының әкімдігіне Екідін және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарынан 24 өтініш түскен.

"Бүгінгі таңда 24 пәтер сатып алуға шарттар жасалды, 16 сәуірде жалпы сомасы 317 миллион 183 мың теңгеге қаражат аударылды. Алғашқы тұрғындардың пәтерлері 17 сәуірде беріле бастады. Қалаға көшкісі келетін ауыл тұрғындарынан өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр", - деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 107 миллион теңге аударылған.

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram-нан арнамыздан оқи аласыз.