Bugin

"Су тасқыны": республикалық маңызы бар 12 тасжол жабылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "ҚазАвтоЖол"

Су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram-нан арнамыздан оқи аласыз.

"2024 жылғы 18 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны болды", - делінген хабарламада.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылған.