Bugin

Қазақстандықтар су тасқыны жағдайын онлайн бақылай алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Қазақстандықтар су тасқыны жағдайын онлайн бақылай алады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram-нан арнамыздан оқи аласыз.

gov.kz сайтында су тасқынына қарсы іс-шаралар орындарынан онлайн трансляция қолжетімді болды. Sergek VMS кешенді бейнебақылау жүйесінің арқасында қазақстандықтар нақты уақыт режимінде Атырау облысы мен Атырау, Орал, Қостанай қалаларындағы жағдайды бақылай алады. 

Бөгеттер, бекіністер салу бойынша нақты уақыттағы жұмыстардың барысы туралы барлық жағдайды бейнебақылау камералары арқылы бақылауға болады. Бұл жедел әрекет етуге және маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

"Еліміз үшін осындай қиын кезеңде біз де өз тарапымыздан су тасқынына қарсы шараларға үлесімізді қосып жатырмыз. Енді әрбір азамат онлайн-трансляция арқылы Орал, Атырау, Қостанай қалаларындағы су тасқынына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексере алады. Үлкен суға дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар үшін белсенді азаматтарға, компанияларға, төтенше жағдайлар қызметі мен әкімдік қызметкерлеріне алғыс білдіреміз", - деді  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.