Bugin

Су тасқыны: елімізде дәл қазіргі ахуал қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны бойынша дәл қазіргі жағдай қалай екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Азаматтық қорғау қызметтері 117 800 адамды, оның ішінде 43 931 баланы құтқарған.

Ведомство хабарламасында:

"113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 19 071 адам үйлеріне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 8914 адам, оның ішінде 4019 бала бар. 10,2 млн. м3 астам еріген қар суы сорылды, 3,2 млн. астам қапшық пен 1,4 млн. тонна инертті материал төселді", - делінген.

"Қазақстан" ұлттық арнасындағы жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын және Тайынша аудандарында тұрғындар үйлеріне орала бастаған. Қазір бұл аудандарда мамандар су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалауға кірісті. Петропавл гидробекетінде су деңгейі бір тәулікте 27 сантиметрге төмендеді. Жезқазған бағытындағы республикалық тасжолдың "Оңтүстік" бекетіндегі су да тартыла бастады. Бүгін жеңіл көліктерге қатынауға рұқсат берілді. Ертіс өзеніне жіберілетін судың көлемі бәсеңдетілді. Шығыстағы су қоймалары Ертіс өзеніне жіберілетін судың көлемін азайтты. Себебі бастапқыда ірі көлемде жіберілген су Семей қаласына қарасты кейбір елдімекендерге кіре бастаған.