Bugin

“Көлік екіге бөлінген”: Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Алматы маңында болған жол апаты видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео пайда болды. Кадрларға қарағанда, көлік екіге бөлініп кеткен. Видеодан екі адамның жерде жатқанын көруге болады.

Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

"16 сәуірде Daewoo Nexia жүргізушісі Байсерке ауылы көшелерінің бірінде солға бұрылғалы тұрып, қарсы келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Daewoo Nexia көлігіндегі 24 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Daewoo Nexia жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жатқызылды, ол есін жимай, жансақтау бөлімінде қаза болды", - деп хабарлады полиция.