Bugin

40 градус: қай өңірде аптап ыстық болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: report.az

Оңтүстікте келесі айдың басында аптап ыстық болуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram-нан арнамыздан оқи аласыз.

Брифинг барысында "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова мәлімдеме жасады. Ол алдағы айда ауа райы тұрақсыз болып, найзағай ойнайтынын хабарлаған. 

"Айдың басым бөлігінде жоғары температуралы күндер басым болады: Республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа +35 градусқа дейін, оңтүстік жартысында +40 градусқа дейін ысиды", – деді ол. 

Одан бөлек елде суық толқын кезінде ауа температурасының төмендеуі де күтілуде.

"Мамыр айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанып отыр. Ал мамырда жауын-шашын мөлшері республиканың батысында нормадан жоғары, оңтүстікте нормадан төмен болады", – делінген Қазгидромет өкілінің түсіндірмесінде.