Bugin

Бишімбаев соты: Судья Айжан Құлбаеваны белгісіз біреулер қорқытқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғарғы Сот ұсынған видеодан кадр

Астана қаласының полиция департаменті Бишімбаев пен Байжановқа қатысты істі қарайтын судья Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жоғарғы Сот ұсынған ақпаратқа сәйкес, судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден әртүрлі қоңыраулар мен қорқыту фактісі бар хабарламалар түскен. 

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

"Судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланым анықталды", - делінген Жоғарғы сот ұсынған ақпаратта. 

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Жоғары Сот заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен ықпал етуге тыйым салатынын ескертті.