Bugin

Қызылордалық 10 жасар оқушы қылмыскерді құрықтауға көмектесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Қызылорда қалалық полиция бөлімінің бастығы қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылордалық полицейлерге қылмыскерді құрықтауға көмектескен Т. Рысқұлов атындағы №222 атындағы орта мектептің оқушысы  Айзере Сағидулланы басқарма бастығы Айдар Қасанов марапаттады.

Оқиға 13 сәуір күні Қызылорда қаласының тұрғыны “102” арнасына Volkswagen passat автокөлігінің терезесінің ашық қалғанын пайдаланып, көлік ішінен ақша ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген.  Аталған хабарлама бойынша жедел тергеу тобы өз қызметтерін атқарып, көрген білгендерден сұрастыған.  10 жастағы Айзере Ермекқызы қылмыскердің қалай автокөлікке кіргендігін, оның ішінен ақша ұрлап жатқандығын және қай бағытқа кеткендігін айтқан. Ол қылмыскерді ұстауға көп септігін тигізген.

 Басқарма бастығы Айзеренің бұл ерлігін бағалап, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттап, осындай тәрбиелі қызды өсіріп отырған ата-анасына алғыс білдірді.