Bugin

Алматыда жоғалып кеткен екі ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Алматыда жоғалып кеткен 1990 және 1980 жылғы екі ер адам өлі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында сілтеме жасап.

1990 жылы туған Андрейчук Никита Максимович 15 сәуірде жоғалып кеткен. Ер адам Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 536 үй мекенжайындағы үйден шығып кеткен.

1980 жылы туған Қасымхан Тұрды 9 наурызда жоғалып кеткен. Таңертең сағат 7-де Іле ауданы, Жайнақ ықшамауданы, Жерұйық көшесі, 22-үй мекенжайы бойынша үйден шығып кеткен.

Екі ер адам да өлі күйде табылды.