Bugin

“Қар жауады”: еліміз бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер Қазақстан аумағында қар жамылғысы сақталған аумақ 3%-ды құрайтынын айтады. Сондай-ақ алдағы аптада бірқатар өңірде жауын-шашынның болатыны болжанады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптикалық болжамға сәйкес 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, тек кей күндері жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

"Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады. Атап айтқанда, 20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында",- делінген хабарламада.