Bugin

"Мәжбүрлі түрде көшіру керек": үкімет басшысы тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов су басқан аймақтағы адамдардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды. 

Ол  Орал қаласының маңындағы су астында қалған саяжайларда ешкім қалмауын тапсырды. Бектенов:

"Мәжбүрлі түрде адамдарды көшіру керек. Полициямен бірлесіп, үйлердің бәрін аралап көшіріңіздер.Ешкім қалып қалмасын. Орал қаласына су кірген жоқ. Оны ашық айтып, халыққа жеткізу керек. Саяжай төмен жерде орналасқандықтан су астына жыл сайын қалып отыр. Мұны бәрі дұрыс түсінуі керек",-деді.