Bugin

“6 жасар”: 62 жастағы ер адам қыз зорламақ болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Kabarlar_tv

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында ер адам 6 жасар қызды зорламақ болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жалал-Абад облысының Қаракөл қаласында 62 жастағы ер адам тұтқындалды. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасы мәлімдеді. Оқиға туралы қыздың туыстары хабар берген.

"Тексеру нәтижесінде Қаракөл қаласының 62 жастағы тұрғыны қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде",- делінген хабарламада.