Bugin

"Бишімбаев соты": Райымбек Баталов мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Белгілі қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаевтың сотына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ол соңғы сәтке дейін пікір білдіргісі келмеген.

"Достар, мен соңғы сәтке дейін "Бишімбаевқа қатысты сот ісіне пікір білдіргім келген жоқ. Бірақ менің атыма келтірілген кір мен тағылған айып менің пікір білдіруіме себеп болды. Бұл қылмыстық іске мені қатысты деп санау - қате, адам сегісіз өтірік. Мен сіздерді бұл ақпаратқа сенбеуге шақырамын", деді ол.

Сондай-ақ, ол Салтанаттың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"БАҚ өкілдері мен блогерлерден жалған ақпарат таратпауын өтінемін. Cалтанаттың туыстары мен жақынарына қайғырып көңіл айтамын. Осындай қайғылы жағдайға тап бола отырып, қыздарының намысын қорғауға тура келгендері өкінішті. Бұл сұмдық!", деді ол.

Видеоны толық осы сілтеме арқылы көре аласыз.