Bugin

"Ұзын көйлек киген": Ақтауда 24 жастағы қыз бес күннен бері табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: lada.kz

Ақтауда жоғалған 24 жастағы Керім Кәмшат есімді қыз бес күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

18 сәуірде кешкі сағат 22.00 шамасында Шығыс-3 ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған қызды іздестіріп жатыр.

"Ұзын, жасыл гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл күрте және ақ спорттық аяқ киім киген. Оны көргендер болса, 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз, - делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаменті өкілдері жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.