Bugin

Ақтауда 24 жастағы бойжеткен алты күннен бері іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қалалық ПД

Ақтауда 24 жастағы бойжеткенді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кәмшат Керім есімді бойжеткенді алты күннен бері іздеп жатыр. 

Әлеуметтік желіде бойжеткен 18 сәуір күні кешкі сағат 22.00 шамасында Шығыс-3 ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Қыздың бойы ұзын, жасыл гүлді көйлек (хиджаб), ашық жасыл күрте және ақ спорттық аяқ киім кигені айтылды.

"Оны көргендер болса 8 708 740 09 22, 8 777 244 44 00, 8 775 452 73 31 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз", - делінген хабарламада.