Bugin

“Мен не істей аламын”: Бишімбаев сотында көріпкел тосын деректер айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында көріпкелден жауап алынып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Сотта көріпкелдің жеке деректері айтылмай, түрі көрсетілмеді. Бұл көріпкелдің жеке өтініші бойынша болды. Ол залға келмей, видео қоңырау арқылы сот отырысында куәлік берді.

Көріпкел болжамды таро картасы арқылы жасаған. Бишімбаев оған жиі хабарласып, шешім қабылдауда ақылдасқан екен.

Бишімбаев "Салтанатпен ұрысып қалдық, ол қатты мас" деп түстен кейінгі сағат 15:00-16:00 шамасында хабарласқан. Балгер бұл туралы:

“Мен сөйлесу барысында оның мас екенін түсіндім. Оның айтқанын шындап (серезьно-авт) қабылдамадым. Ол жағдайды айтқан соң, "Неге маған хабарласасың? Дәрігерге хабарласыңыз, жедел жәрдем шақырыңыз" деп айттым,-деді.

Сол күні Бишімбаевтың балгерге 8 рет қоңырау шалғанын прокурор мәлімдеді. Балгер Бишімбаев мас күйінде хабарласқандықтан телефон тұтқасын көтермегенін жеткізді. Көріпкел: 

“Бишімбаев “Сәлеметсіз бе? Кеше біз көп ішіп, қатты ұрысып қалдық" деді. Мен не істей аламын дедім. Ол өзін әдеттегідей ұстамады. Мен жедел жәрдем шақырып, дәрігерге жүгінуді ұсындым”,-деді.

Көріпкелдің айтуынша, "Салтанат өзін жаман сезініп, ұйықтап жатыр" деп Бишімбаевтың өзі айтқан. Көріпкел Бишімбаевқа Салтанаттың таңға дейін ұйықтайтынын жазып, хабарлама жіберген. Ал Бишімбаев жедел жәрдем керек еместігін оның мас екенін, кейін өз-өзіне келетінін айтады. 

Көріпкел 15, 23, 45 секундтан, 1 минуттан Бишімбаевтың қоңырауларына жауап беріп отырған.