Bugin

“Күйеуі көрген”: келіншек суретке түсем деп қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Қытайлық 31 жастағы турист демалыс кезінде Индонезиядағы белсенді Иджен жанартауының кратеріне құлап қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға күйеуінің көзінше болған. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты туристік топ құрамында таңның атуын тамашалау және Ижен кратеріндегі танымал қышқыл көлді көру үшін таудың басына шыққан.

Туристер әдеттегідей кратердің шетінде естелік суретке түсе бастаған. Қытайдан келген қонақ та суретке түсуді жөн көреді. Суретке түсіп жатқан кезде ол өз көйлегіне шалынып, 75 метр биіктен құзға құлап кеткен.