Bugin

“Соңғы хаты табылды”. 17 жастағы бойжеткен үйінің терезесінен секіріп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: blocknot

Ақтөбеде кәмелет жасына толмаған бойжеткен терезеден секіріп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД мәлім етті.

Ақтөбе қаласында суицид жасаған қыз көз жұмды. Ал оқиға орнынан марқұмның соңғы хаты табылған. 

Биіктен секірген бойжеткенді көпшілік көрген. Оның бұл әрекеті жақын маңдағы бейнебақылау камерасына да түсіп қалғаны анықталған.

Өзін өлтірген бойжеткеннің колледж студенті екені белгілі болды. Ол өз үйінің тереземінен секірген. 

“Полиция суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бүгін сағат 14.00-де Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің кіреберісінің алдында 2007 жылы туған қыздың мәйіті табылды. Алдын ала тергеуде оның үйдің шатырынан секіргені анықталды. Қыздың соңғы хаты бар,“ - деді  Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.