Bugin

Автобус апатынан қаза тапқан азаматтың әйелі оқиғаға жүргізушіні кінәлауда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: @kris_p_alm 

Алматыдағы автобус апатына қатысты сот отырысы өтті. Қаза тапқандардың бірінің әйелі жол апатына жүргізушіні кінәлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы NUR.KZ-ке сілтеп.

Сот барысында апат салдарынан жолдасынан айырылған Айнұр Құсайынова сөз алды. Ол жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісін айыптайды.

Сот залында жүргізушіге "Маған сұрақ қоятындай сен кім едің?" деді.

Артынша автобус жүргізушісі:

"Соттың осымен алтыншы отырысы өтті, барлық сұрағыңызды маған қойып, "100 теңге үшін", "100 теңге үшін!" деп жатырсыз. Бірақ айыпталушыдан неге мені ұрғанын сұрамадыңыз. Оқиға соның кесірінен болды ғой! Неге өзінен сұрамайсыз? Мені айыптап жатырсыз! Ауыр тиетіні де осы", - деді істе жәбірленуші деп танылған жүргізуші.
 

Өз тарапында Айнұр Құсайынова:

"Жарайды, саған жауап берейін. Себебі сен – жүргізушісің, осы автобусқа жауаптысың. Бірінші кезекте сен бұл жағдайға жол бермеуің керек еді. Сенің кесіріңнен үш адам өліп, жеті бала жетім қалды!" - деді ол.