Bugin

Әлемге ескерту: жерде магниттік сұрапыл дауыл болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:depositphotos.com

Күннің жоғары белсенділігі жерге қиындық тудырып жатыр. Оның үстіне магниттік дауылдар тағы 2-3 күнге созылуы мүмкін. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі volg.mk.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Күн астрономиясы зертханасының мәліметі бойынша, бейсенбі, 25 сәуірде магниттік дауылдың шарықтау шегі түскі уақытта болады. Жерде 25, 26, 27 сәуір аралығында магниттік дауыл болады.

Мамандар күн ортасында геомагниттік тербелістер 4 баллға дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертеді. Бұл қазірдің өзінде орташа қауіпті "сары" деңгейге сай келеді.

Бірақ жалпы алғанда, 25 сәуірде күндізгі уақытта дауыл  күші 3 баллды құрайды. Бұл "жасыл" және "сары" аймақтар арасындағы шекара деңгейі.

Жалпы, Жердің магнитосферасы жексенбіге дейін бұзылады.

Метеопаттар магниттік дауыл кезінде денсаулығының нашарлауына дайындалуы керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, жеткілікті ұйықтау, дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден бас тарту керек.