Bugin

"Екі бала тірідей өртеніп кетті": Атырауда жантүршігерлік оқиға болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 25 сәуірде сағат 05:37-де 112 нөміріне Индер ауданы, Индербор ауылындағы 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Атырау облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны анықталған.

Жатын бөлмеден  2014 және 2017 жылы дүниеге келген балалардың денесі табылған.  Балалардың 1995 жылғы анасы ауыр хәлде табылды. Әйелдің  1994 жылғы азаматтық некедегі жолдасы да ес-түссіз күйде табылған. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.