Bugin

“17 жаста”: Павлодар облысында жасөспірім тоққа түсіп мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодар облысында тоққа түскен 17 жастағы жігіт қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дәрігерлер 40 минут реанимациялық іс-шаралар жасағанмен, 2007 жылы туған жасөспірімнің өмірін арашалап қала алмады.

Қайғылы оқиға 12 сәуірде сағат 19:00 шамасында Мойылды ауылында Ұлы Дала көшесінде орналасқан төртінші трансформаторлық қосалқы станцияда болған.