Bugin

Балқашта жантүршігерлік жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Балқашта жол талғамайтын көлік 9 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қарағанды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқушы Абай көшесіндегі жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан жерінде көлік қаққан.

Оқиға 24 сәуірде болған. Ал рульде 72 жастағы жүргізуші болған.

"Балқаш полициясының кезекші бөліміне жол талғамайтын көліктің қыз баланы қағып кеткені туралы қоңырау түсті. Бүгінгі таңда Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан) іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, барлық қажетті сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.