Bugin

Полицияны көлігімен соққан жүргізушінің қанша жылға сотталатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Оқиға 24 сәуір күні Қостанай облысының Қарабалық кентінде болған. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғынына екі полиция қызметкері ескерту жасаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алайда олардың заңды талаптарына бағынбай, сақшыларды сүйреп, оқиға орнынан қашуға тырысқан.

Екеуі де түрлі дене жарақаттарын алған. Полицейлердің денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.