Bugin

Жоғалған педагог пойыздан табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Ақмолада іс-түссіз жоғалған педагог пойыздан табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ktk.kz-ке сілтеп.

Облыстық ПД жоғалған 21 жастағы Көкшетау тұрғынын Алматы қаласына бара жатқан пойыздан тапқан.

"22 сәуірде облыстың аудандық полиция бөлімдерінің біріне мектепте оқытушылық практикадан өткен ақмолалықтың хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарламамен жас мұғалімнің әріптесі жүгінді. Полицейлер хабар-ошарсыз кеткенді іздеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының қажетті кешенін өткізді", — делінген хабарламада. 

Деректер бойынша қыз бала ата-анасына апаратын жолға асығып бара жатқан. Артынша ол пойызда болған кезде әріптестеріне хабар беруге тырысқан, бірақ ол ұялы желідегі ақауларға байланысты ешкіммен байланыса алмаған.