Bugin

Шымкенттік тұрғындар жаппай уланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Freepik

Шымкенттіктер белгісіз сұйықтықтың иісінен уланып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Хабар.24-ке сілтеп.

Уланған адамдардың жалпы саны 22.

Оқыс жағдай Еңбекші ауданындағы тұрғын үй секторы аумағында тіркеліп отыр. Куәгерлердің аудан аумағында жүк көлігіне тиелген 800 литрлік темір бөшкеден сұйықтық төгіліп, газ бен бу ауаға тарағанын айтады.

Салдарынан тұрғындардың жүрегі айнып, өздерін жайсыз сезінген. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, токсикология орталығына жеткізілді.

Қалалық гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері науқастардың жағдайын айтты.

"Жалпы 13 науқас жедел-жәрдеммен, қалған науқастар өз бетінше бізге келіп көмекке жүгінді. Соның ішінде біз 9 науқасқа стационарлық ем көрсеттік. Олардың бәрі үйлеріне амбулаторлық учаскелік дәрігерлердің бақылауына қайтарылды. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ, - деді дәрігер Мәдина Ермағанбетова.