Bugin

Есірткі тұтынған ұшқыш қызметтен шектетілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Air Astana компаниясы

Air Astana әуе компаниясының ұшқышы есірткі қолданған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы компания хабарлады. Ұшқыш есірткі тұтынған күйінде ұсталған.

"Әуе компаниясының екінші ұшқышы 2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшу кезінде ұсталды", - деп хабарлады компания.

Қазір Air Astana қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.