Bugin

“Құжат керек”: тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығыны қалай өтеледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: әлеуметтік желі

Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Қлттық арнасына сілтеме жасап. 

Жоғалған мүлік пен бүлінген тауарлардың құны және зақымданған ғимараттарды қалпына келтіруге қажетті қаржы өтеледі. Жоғалған тауарлардың құны көтерме баға бойынша беріледі. 

Ал бүлінген мүліктің өтемақысын алу үшін меншік құқығын растайтын құжат болуы керек. Өтелетін құн мөлшерін аймақтық комиссия немесе қор комиссиясы анықтайды. 

Өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралады.