Спорт

Чемпиондар лигасы. «Барселона» жартылай финалда

«Ливерпуль» – «Порту» жұбының жеңімпазы каталониялықтардың келесі кезеңдегі қарсыласы атанады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта ойынында «Барселона» «Манчестер Юнайтедті» қабылдады. Ойын Барселона қаласындағы әйгілі «Камп Ноу» стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Есепті ойынның 16 минутында өзінің жеке шеберлігінің арқасында Лионель Месси ашты. Төрт минут өткеннен кейін аргентиналық сұрмерген дубль жасап, есепті еселеді. Үшінші голды 61 минутта Филиппе Коутиньо соқты.
Бұл командалар арасындағы Манчестерде өткен алғашқы ойында «Барселона» 0:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша «Барселона» Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды. 

«Ливерпуль» – «Порту» жұбының жеңімпазы каталониялықтардың келесі кезеңдегі қарсыласы атанады.