Bugin

“Жүкті”: Түркістан облысында жасөспірім қызды бірнеше жігіт зорлағаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Желіде Төлебиде 9-сынып оқушысын бір емес, бірнеше жігіт зорлағаны және жәбірленуші жүкті екендігі туралы ақпарат тарады. Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы бұл ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қазіргі уақытта Зағамбар ауылында жағдай тұрақты. Облыс әкімі және барлық мемлекеттік органдар басшыларының төрағалығымен ауыл тұрғындарына жиын өткізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілд. Заң шеңберінде шешім қабылданатыны ескертілді. Интернет желісінде таралған, яғни "Бірнеше оқушы ұсталды, жәбірленуші жүкті және бірқатар жігіттер зорлады" деген ақпараттар шындыққа жанаспайды", - деді облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов.