Bugin

“29 жаста”: Жетісу облысында 4 күн бұрын жоғалған жігіттің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жетісу облысы Көксу ауданында 4 күн бұрын жоғалған жігіттің денесі судан табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәләметінше, 29 жастағы жігіт мал жаюға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. 

"Сол күні жоғалған жігіттің жылқысы Ескелді ауданының Жаңалық ауылында табылды. Көрші ауылдарды Көксу өзені бөліп тұрғаны ескеріліп, іздеуге облыс құтқарушылары қосылды. 27 сәуірде іздеу іс-шараларының барысында жоғалған адамның зорлық-зомбылық белгілерінсіз мәйіті Көксу өзенінің түбінде табылды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды", – деді ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

Жігітті іздеуге полиция мен тұрғындар, еріктілер жұмылдырыдған еді.