Bugin

“Зорлықпен өлтірген”: 59 жастағы мұғалімнің өліміне қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Әлеуметтік желі

Орал қаласында 59 жастағы әйелдің мәйіті табылған еді. Оның өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы БҚО полиция департаментіне сілтеме жасап.

59 жастағы әйелдің денесі өз пәтерінен табылған. Оның денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар екендігі анықталды.

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында сол күні күдікті анықталып, қылмыстың ізі суымай қолға түсті. Ол Орал қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Қазіргі кезде күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", — делінген хабарламада. 

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда өзінің пәтерінен 59 жастағы мұғалімнің денесі табылғанын жазған едік.