Bugin

“5 адам қаза болған”: желіде жантүршігерлік видео тарады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы күшті торнадо салдарынан бес адам қаза тауып, 33 адам жарақат алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Хабар арнасына сілтеме жасап. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Торнадо Байюнь аймағындағы төрт ауылды басып үлгерді. Оқиға орнына іздестіру-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін бригадалар жіберілді.

Зардап шеккендер әртүрлі ауырлық дәрежесінде ауруханаларға жатқызылды. Он адам із-түзсіз жоғалып кетті, іздеу жұмыстары жалғасуда.

Ал Гуандун провинциясында күшті торнадо болып, диаметрі бес сантиметрден асатын үлкен бұршақ жауды. Үйлер мен көліктердің шатырлары зақымданған.