Bugin

"Үсік, жауын-шашын". Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Әлеуметтік желіден

Елімізде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бас қалада батыстан жел соғып, түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ал Алматы тауларында бүгін қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болуы мүмкін деп болжануда.

Түркістан облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталып тұр.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, облыстың онтүстігінде найзағай күтіледі. Петропавл қаласында жауын-шашын болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстанда да желдің екпіні 15-20, 23 м/с болады. Ал Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанды. Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с болады деп болжанды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. 

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыста 2 градус үсік күтіледі.