Bugin

"Әйелі мен екі баласы қалды": Прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Баянауылда прокуратура қызметкері суицид жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК-ға сілтеп.

29 жастағы азамат пәтерінде өлі күйінде табылған.

Ер адамның Баянауыл аудандық прокурорының көмекшісі болып қызмет еткені анықталды. Павлодар облыстық прокуратурасы аталған фактіні растаған.

"Баянауыл аудандық прокуратурасы қызметкерінің өліміне қатысты облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1–тармағы бойынша (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі.

29 жастағы ер адамның соңында екі баласы мен әйелі қалды.