Bugin

Жапонияда 9 миллионнан астам үй қараусыз қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Асахикави, Жапония. depositphotos.com

Жапония халқының азаюы жапон қоғамы мен экономикасына да әсер етуде. Қазір елде 9 миллион үй бос тұр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі jobsinjapan.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 "Акийя" термині жапон тілінен аударғанда "бос үй" дегенді білдіреді. Заңды түрде, "акийя" деп атау үшін үйдің жағдайы бағаланады. Оған сәйкес, жыл бойы тұрғындардың үйге кірмегені, су, жарық, газды пайдаланбағаны ескеріліп, үй "акийя" деп жарияланады.

Бүгінгі күні Жапониядағы әрбір сегіз үйдің біреуі – акийя, яғни қараусыз қалған үй. Оларды 4 түрге бөлуге болады: жалға берілетіндер, сатылатындар, екінші үйлер және т.б. Уақыт өткен сайын сатуға және жалға беруге арналған акиялар азайып, қараусыз қалған түрі көбейіп бара жатыр.

Негізінен, жастардың дәстүрлі жұмыс түрлерін таңдамай ірі қалаларға жұмыс істеуге және оқуға көшуінен үйлер қаңырап бос қалады. Ауылда тек қарттар тұрақтап қалған.

Ауылдық жерлерден халықтың көші-қонынан  елес қалалар пайда болған. Бұл мәселемен күресу үшін Жапония үкіметі кейбір бастамаларды алға жылжытуда. 2023 жылы үкімет жанұядағы әр балаға 1 миллион иен (6300 доллар) ұсынып, адам көп шоғырланған Токиодан ауылдық жерлерге көшуіне мүмкіндік берді. Бұл ретте отбасы жаңа жерде кемінде 5 жыл тұруы керек. Отбасынің бір мүшесі   қашықтан жұмыс істеуі немесе тұрақты жұмысы болуы керек. Жұмысы болмаған жағдайда қоныстанған аумақта бастай алатын бизнес-жоспары болуы керек.

Үкімет мәліметтері бойынша, "акийя" үйлерінің саны 2018 жылдан 2023 жылдың қазан айына дейін жарты миллионнан асқан. 

Бос үйлердің жалпы саны Жапониядағы барлық үйлердің шамамен 14 пайызын құрайды. Жапониядағы бос жерлерге ғимараттар салынған жерге қарағанда көбірек салық салынады. Сондықтан адамдар ескі үйлерді бұзбай, мұрадан бас тартады.

Дегенмен, шетелдіктер арасында Каминдік (дәстүрлі) үйлерге сұраныс артып келеді. Дәстүрлі үлгіде салынған жапон үйлері туристерге ұнайды. Себебі, ондай үйлерде тұрақтау арзан әрі жапон мәдениетін сезінуге мол мүмкіндік береді.