Bugin

Шығыс Қазақстан облысын да су басты (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Бұқтырма өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі қатты жауын-шашын тудырды. Салдарынан Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 5 тұрғын үй мен 24 үй маңындағы жерлерді су басты, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Ведомство мәліметінше, аймақта оқушылар қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылған.  

"Семей, Өскемен қалаларынан келген ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ТЖМ 68303 бөлімінің әскери қызметшілері алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін елді мекенге кетті. Қазіргі уақытта су бұру үшін арнайы техника тартылды",- делінген хабарламада.

Тұрғындар эвакуациядан бас тартқан.