Bugin

Шымкентте бұрынғы басшылар жауапқа тартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Шымкентте спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары жауапқа тартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Прокурорлар экс-басшылардың "DamuBala" бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтіргенін, кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерінің орын алғанын анықтаған.

Прокурорлық қадағалау актісімен бұл заң бұзушылықтар қазір жойылған.

Нәтижесінде 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылдың тамызынан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады.

Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді.