Bugin

Қақаған қыстың салдарынан 7 млн-нан астам мал қырылып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: GOGO.MN

Моңғолияда барлығы 7,1 млн мал қырылып, 5,6 млн малдың өлексесі жойылғаны анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы burunen.ru-ге сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар жөніндегі бас басқарма жұт кезінде малдың қырылғанын айтады.

«Ақ және темір жұт (қысқы тақыршылық) кезінде қырылған ірілі-ұсақты мал өлекселерін жою және көму бойынша 15 сәуірде басталған жұмыстарға зоонозды жұқпаны зерттеу орталықтарының қызметкерлері, сондай-ақ Моңғолияда малдың қырылуының ең жоғары көрсеткіші тіркелген аймақтардағы көшпелі малшылардың өздері тартылды», - делінген ресми мәлімдемеде.