Bugin

Зеленский Украинадағы соғысқа қатысты тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Oleksandr Klymenko/REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский Украинаны соғыстың жаңа кезеңі күтіп тұрғанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі “Анадолы" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Владимир Зеленский Хмельницкий қаласында шекарашылармен кездесуінде:

"Бүгін соғыстың 800-ші күні. Бұл біздің еліміздің басынан өткеріп келе жатқан өте қиын әрі қатал жолы. Біз соғысты Украинаның жағдайында әділ шартпен аяқтауымыз керек. Енді біз соғыстың жаңа кезеңіне келдік. Ресей шабуылын одан әрі көбейтуге дайындалып жатыр", - деді  деп айтты.

Зеленский ресейліктер қай бағыттарда шабуылдауы мүмкін екені туралы айтпады. Осыған дейін Украина Қорғаныс министрлігі (ГУР) Бас барлау басқармасы бастығының орынбасары Вадим Скибицкий The Economist журналына сұхбат берген еді. Ол :

"Ресей әскері мамыр айында шабуылға шығып, Донецк, Харьков және Сумы облыстарын басып алуға әрекет жасауы мүмкін",- деп болжам жасаған еді.

2024 жылдың мамыр айына қарай Ресей әскері Украинаның шығысында белгілі бір тактикамен жетістіктерге жеткен еді. Осыған дейін Украина Қарулы Күштерінде қару-жарақ пен әскер тапшы болды. Енді АҚШ 61 миллиард долларлық көмек пакетін мақұлдап отыр. Әскери сарапшылардың айтуынша, Украинаға көмек пакетінен бөлек көп күш керек.