Bugin

"10 жыл бойы жасырынған": шетелдік қылмыскер Абай облысында ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қамаудағы күдікті. IIM

Абай облысында 10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Абай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Абай облысында қазір "шетелдік" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Облыстық полиция демартаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 2013 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын құрықтады.

Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков:

"Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Тәжікстан Республикасының аумағына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде" - деді.