Bugin

Жайық өзенінде су деңгейі қауіпті межеге жақындады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @atyrau_oil

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев өңірдегі Жайық өзенінің жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев қауіпті көрсеткішті атап өтті. 

"Индербор кентінде Жайық өзеніндегі су деңгейі 824 см құрайды, ал қауіпті көрсеткіш - 845 см, Махамбет кентінде 831 см, қауіпті көрсеткіш 850 см, Атырау қаласында 480 см, қауіпті көрсеткіш 550 см. Исатай, Махамбет және Индер аудандарында жағалауды нығайту бойынша алдын алу жұмыстары аяқталды, Атырау қаласында жұмыстар аяқталып қалды. Атырау қаласында жоспарланған 250 км бөгеттің 248,4 км салынды, қазіргі уақытта кезекшілікке дайындық жұмыстары жүргізілуде", - деді спикер.