Bugin

Алматыда былтыр жоғалған 15 жастағы қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @lider.kz

Алматыда былтыр күзде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы LIDER.KZ инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Коваленко Валерия Денисовна  2023 жылдың 24 қарашада жоғалып кеткен. Ол сағат 23:00 шамасында Іле ауданы Боралдай ауылы Әзербаев көшесі, 102 мекенжайындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені блгісіз еді. 

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам биыл сәуір айында табылған. Қыздың нақты қайдан табылғаны және басқа да деректер әзірше айтылмады.