Bugin

Танымал бизнес-тренер Аманжол Рысмендиев халықты сан соқтырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

"Көреміз" бағдарламасына танымал бизнес-тренерге алданып қалған адамдар келді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жәбірленушілер 10 миллион теңгеге тренинг сатып алған. Бірақ қаражат аударғаннан кейін танымал кәсіпкер хабарсыз кеткен. Тренингте ойнатылған автокөлік те иесіне берілмеген.                  

"Тренингке қатысып, көлік ұтып алдым. Алайда көлікті бермеді. "Заңгеріміз шетелде жүр, 20 күннен соң келеді, сізді шақыртамыз. Сол кезде қол қойып, алып кетесіз" деді. 20 күн емес, екі ай өтті. Одан кейін де хабарластым, әлі жоқ. Тренингке қатысуға 3 млн теңге жұмсадым. "Көлікті ұттың, бұған ақша төлемесең болмайды" деген соң несие алып, тағы ақша төледім. Талабым – көлікті берсе деймін. Аманжол Рысмендиев "мені жарнамалап, ауылдарыңа айтыңдар" деді. Біз оның айтқанын орындадық. Қаншама адамды сабаққа шақырдық", – Бақытнұр Құдайбергенова. 
 

Тренингке ақша төлеген бір топ адамда өз наразылықтарын білдірді.