Bugin

Ақтөбелік ерлі-зайыпты үйінде тірідей өртеніп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Өртенген үй. КТК арнасының сюжетінен скриншот

Ақтөбедегі саяжайлардың бірінде  егде жастағы ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кеткен. Олардың мәйітін жедел шақырту бойынша әрекет еткен өрт сөндірушілер тапты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Зардап шеккендердің көршілері өрт сөндірушілерге үйді жалын шарпығанын хабарлаған. Бригада оқиға орнына бара жатқанда, оқиға куәгерлері өртті өздері сөндіруге тырысқан. Адамдар өз бетінше әреет етсе де, жалын үдей түскен. Өрт сөндірушілер келгенше үй толығымен жалынға оранып үлгерген.

Қазір ғимарат іс жүзінде қираған. Үй иелерінің өздері де аман қалған жоқ. Зейнеткерлердің мәйіттері өрттен кейін табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар мұнда ұзақ уақыт тұрған. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Астана аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Данарбек Иманғазин:

"Бұл үйден сегіз газ және оттегі баллоны шығарылды. Өрттің ықтимал себебі розеткаға қосылған пештен шыққан электр сымының қысқа тұйықталуы",-деп айтты.