Bugin

Түркістан облысында 16 оқушы мінген "Газель" өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сурет: Ашық дереккөзден

Түркістан облысында "Шымкент-Самара" автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Шымкент-Самара" автожолында 16 оқушы мен бір жүргізуші болған газель отқа оранған. Жолаушылар көліктен шығып үлгерген. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан", ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.