Bugin

Танымал астролог мамыр айында кімдердің сәттілікке жететінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Теңге. depositphotos.com

Астролог Анджела Перл барлық зодиак белгілері үшін мамыр айына арналған жұлдыз жорамалын жариялады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі rambler.ru сайттына сілтеме жасап хабарлайды.

Анджела Перл 2024 жылдың мамыр айында  табысқа жететін үш зодиак белгісін атады. Мамыр айы – басқа айлармен салыстырғанда бірізді, тыныш өтеді.

Тек үш зодиак белгісінің өмірінде тосын жайттар мен сәттілік болады. Мамыр айында Таразы, мерген,  суқұйғыш белгісіндегілердің қаржы ағыны көбейеді.

Таразы белгісіндегілерге осы айда қаржы көбейтуге көптеген мүмкіндіктер болады. Анджела Перлдің айтуынша, бұл белгінің өкілдері жұмыс орындарын ауыстырып, қаржылық стратегиясын қайта қарап, инвестиция сала алады. Көптен бері қайтара алмай жүрген қарыздарын өтеуі де мүмкін.

Мамыр айында мерген белгісіндегілер айналасына назар аударуы керек. Анджела Перлдің айтуынша,  мергендердің мамырда мансабы өседі. Жаңа жұмыс, жаңа жауапкершілікпен қатар мергендер жұмысындағы лауазымына байланысты марапатқа ие болуы мүмкін.

Мамыр айында Плутонның әсерінен суқұйғыштардың өміріне, мансабына өзгеріс енуі мүмкін. Қаржы саласына келетін болсақ, мамыр айының соңында суқұйғыштар ойламаған жерден табыс табуы, лотореядан жүлде ұтуы мүмкін.